Астанадан Ұлытауға алғашқы жолаушылар пойызы шықты

18 Қыркүйек 2022, 19:33
1687
Бөлісу:
Астанадан Ұлытауға алғашқы жолаушылар пойызы шықты

"Нұр-Сұлтан – Жезқазған" бағытындағы №65/66 алғашқы жолаушылар пойызы Ұлытау облысына келді. Тальго вагондарынан тұратын құрам Нұр-Сұлтаннан жұп күндері, Жезқазғаннан тақ күндері қатынайтын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстан темір жолы баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 5 қыркүйекте “Алматы-2 - Жезқазған" бағытындағы №73/74 пойызы іске қосылды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжановтың айтуынша, аталған пойыздарды іске қосу Қазақстанның мегаполистерімен жаңа өңірдің көліктік қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. 

Елордадан келген жаңа пойыз барлық заманауи талаптарға сай және қажетті жабдықтармен, соның ішінде ауа баптау жүйесімен және биоәжетханамен  жабдықталған. Жол жүру кезінде жолаушыларға фильмдер көріп, музыка тыңдау үшін "Vputi.kz" мультимедиа порталына кіру мүмкіндігі беріледі. Гранд класты вагондардың жолаушылары душ кабиналарын қолдана алады.

Өзгелердің жаңалығы