Астанадағы шулы видео: 6 жасар бала көшеге үйінен пышақ алып шыққан

Алты жасар бала пышақпен Астана тұрғындарын шошытты.

Бүгiн 2026, 15:42
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 15:42
Бүгiн 2026, 15:42
240
Фото: видеодан скриншот

Астанада 6 жасар бала көшеге үйінен пышақ алып шығып, айналасындағыларға қауіп төндірген. 

Баланың пышақпен жүгіріп жүрген видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері аула аумағында қолына пышақ ұстаған кәмелетке толмаған баланы анықтады. Тексеріс нәтижесінде оның 6 жасар бала екені белгілі болды. Баланың анасы басқа шаруалармен айналысып жатқанда, ол үйден ас үй пышағын өз бетінше алып, далаға шығып кеткені анықталды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілімен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар, баланың анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, құқық қорғаушылар жиналған материалдар Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданғанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында балабақшаға бала кеңсе пышағын алып келген.

Тағы оқи отырыңыздар:

Алматыда адамдарға пышақпен ұмтылған ер адам ұсталды

Семейде студент жасөспірімді қылқындырып, видеоны чатта таратқан: Баласы үшін анасы жазаланды

Астанада пышақ кезенген ер адам тұрғындардың үрейін ұшырды

Наверх