Астанада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл – Қазақстанның Одаққа төрағалығы аясында ұйымдастырылып отырған ЕАЭО-ның ірі іс-шаралар цикліндегі басты оқиғалардың бірі.
Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы кезеңіндегі күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – сауда кедергілерін бақылауды жетілдіру, уағдаластықтардың орындалуын талдау және ЕАЭО кеңістігіндегі экономикалық үдерістердің ашықтығын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын іс жүзінде қолдану.
Отырысқа Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысып отыр. Армения делегациясын бұл жолы вице-премьер Мгер Григорян бастап келді.
Кеңейтілген форматтағы кездесуге бақылаушы мемлекеттердің өкілдері де қосылады. Атап айтқанда, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Куба вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса қатысады.
Бұған дейін Астанада Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысы өткен болатын.
Сондай-ақ, Астана ЖЕЭК отырысына қалай дайындалып жатқанын жаздық.