Астанада жеке үйдің аумағында өрт шықты

25 Ақпан 2024, 08:27
359
Бөлісу:
Астанада жеке үйдің аумағында өрт шықты
Фото: BAQ.KZ архив

Астанада жеке үйдің аумағында монша өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД мәліметінше, сағат 20:08-де моншаның бу бөлмесінің екі қабатты ғимаратта төбенің жабыны мен шатырдың ағаш конструкциялары жанғаны анықталған.

Өрт сағат 21:28-де оқшауланып, 22:04+те жойылды. Өрттің аумағы 80 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД жеке құрамының 28 адамы және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы