Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы үйдің шатыры өртенді

Астанада екі қабатты мансардалы үйдің шатыры отқа оранды. Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермеді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

20 Тамыз 2026, 18:08
АВТОР
 ТЖМ баспасөз қызметі 20 Тамыз 2026, 18:08
20 Тамыз 2026, 18:08
145
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елордада Тәуелсіздік даңғылындағы екі қабатты мансардалы үйде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт Астананың Алматы ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы бойында болған. Жалын жапсарлас орналасқан коммерциялық нысаны бар ғимараттың шатырын шарпыған.

Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіруге кірісіп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.

Өрт 100 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Наверх