Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада тағы қай көшелер уақытша жабылады?

13 Мамыр 2025, 21:08
371
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Астанада Абылай хан даңғылы мен Б.Майлин көшесі қиылысы уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абылай хан даңғылы мен Б.Майлин көшесі қиылысының жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді.

Астанада тағы қай көшелер уақытша жабылады?

Осыған байланысты 13 мамыр күні сағат 21:00-ден бастап 14 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін қозғалыс толығымен жабылатын болады, - делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажеи. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы