Астанада Сирия бойынша кезекті халықаралық кездесу өтіп жатыр

11 Қараша 2024, 17:39
316
Бөлісу:
Астанада Сирия бойынша кезекті халықаралық кездесу өтіп жатыр
Фото: gov.kz

Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге арналған Астана процесі аясындағы халықаралық келіссөздердің 22-ші раунды басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл кездесуге қатысу үшін Қазақстан елордасына 11 делегация келді. Сирия Үкіметінің келіссөз тобына Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрдің орынбасары Айман Раад жетекшілік етсе, Сирия оппозициясы атынан Ахмад Тома басшылық етуде.

Сонымен қатар кездесуге кепілгер елдердің делегациялары қатысуда: Ресей делегациясын Сириядағы жағдайды реттеу бойынша РФ Президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын ТР СІМ-нің Екіжақты саяси қатынастар жөніндегі бас директоры Мустафа Юрдакул, ал Иран делегациясын ИИР СІМ-нің Арнайы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Али Асгар Хаджи басқаруда.

Келіссөздерге бақылаушы ретінде Иордания, Ливан және Ирак өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы және Қызыл Крест өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы