Астанада Қытайға виза қабылдау орталығы ашылады

18 Сәуір 2023, 23:55
1911
Бөлісу:
Астанада Қытайға виза қабылдау орталығы ашылады
Фото: egemen.kz

Астанада Қытайға виза қабылдау орталығы ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өтініш берушілерге визаны рәсімдеу, заңдастыру және өтініш беру шарттарын тезірек және ыңғайлырақ қамтамасыз ету үшін Қытайдың Қазақстандағы Елшілігі Астанадағы Қытайдың визалық орталығына визаларды рәсімдеуді, заңдастыруға өтініш беру бойынша тиісті қызметтерді, соның ішінде визалық өтініштерді қабылдауды және заңдастыруды тапсырады,- деп жазылған Қытай елшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Визаға өтініш беру орталығы визалық өтініштерді, қарапайым төлқұжат иелері үшін заңдастыру өтініштерін, визалық алымдарды қабылдауға жауапты. Алайда ол Қытай визасын бекіту процесіне қатыспайды. Осылайша, 24 сәуірден бастап азаматтық төлқұжаты бар өтініш берушілер үшін консулдық заңдастыруға және Қытай визасына өтініш беру Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі 18, 302 каб. жасалады.

Алайда, дипломатиялық, қызметтік төлқұжаттардың иелері немесе Қытайға дипломатиялық, ресми сапарға бару визасын алуға өтініш білдірген тұлғалар Қазақстандағы Қытай елшілігінің консулдық қабылдау бөлмесіне алдын ала жазылусыз тікелей жүгінуі қажет.

Визаны қабылдау орталығын қоспағанда, Елшілік басқа мекемелерге немесе жеке тұлғаларға консулдық анықтамаларды беру бойынша әртүрлі делдалдық қызметтерді көрсетуге тапсырма берген жоқ. Егер күмәніңіз болса, Елшілікке хабарласыңыз, – деді баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан билігі елдер арасында визасыз режим енгізуді қарастырып жатыр. Мамыр айында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қытайға сапары кезінде қол қойылады деп күтілуде. Ол 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі Қытай азаматтарының Қазақстанға қоныстануы мүмкін деген уәждердің негізсіз екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы