Астанада қыс мезгілі басталғалы 1,7 млн текше метрден аса қар шығарылды

10 Қаңтар 2023, 18:53
1405
Бөлісу:
Астанада қыс мезгілі басталғалы 1,7 млн текше метрден аса қар шығарылды

Елордада қыс мезгілі басталғалы 1,7 млн текше метрден аса қар шығарылды. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.

10 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 мыңға жуық жол жұмысшысы шықты, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

9 қаңтардан 10-ына қараған түні қаладан 1 673 текше метр қар немесе 204 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 1,7 миллион текше метрден астам қар немесе 138 мыңнан астам рейс шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, қалада 30 градус аяз орнап тұр. Елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы және көшеде ұзақ уақыт жүрмеуі керек.  

Өзгелердің жаңалығы