Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды

17 Қазан 2023, 17:16
880
Бөлісу:
Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды
PHOTO

Елордадағы Есіл ауданына (Үркер ТМ) орналасқан Е-583 көшесінде адамдарды құтқарған және өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің есімін берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен Астана қаласындағы көшелердің біріне ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Асқар Забикулиннің есімі беріліп, естелік тақтайша орнатылған.

Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды

Бүгін Көшенің ашылуына Асқар Забикулиннің туыстары, жолдасы мен балалары жәнет азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Астана қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Іс-шара барысында Асқар Забикулиннің жақындары, ТЖД қызметкерлері мен ардагерлері ағаш отырғызды. 

Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды

 

Мұндай батырлық еліміздің барша жастарына үлгі деп ойлаймын. Елімізде ондай апатты жағдайлар болмасын деп тілейміз, - деді Өрт сөндіру басқармасының бастығы Назарали Селимов.

Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин өрт сөндіру кезінде 3 адамның өмірін құтқарып, алған ауыр жарақаттан 20 қараша күні ауруханада көз жұмған болатын. Оның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды
Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды
Өзгелердің жаңалығы