Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР қысқы чемпионаты өтеді

23 Ақпан 2021, 01:39
1652
Бөлісу:
Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР қысқы чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22-26 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өрт сөндіру – құтқару спортынан ерлер арасында XXІX қысқы чемпионат, әйелдер арасында VІІ қысқы чемпионат, жастар арасында VІ қысқы чемпионат өтеді.

Қазақстанның барлық аймақтарынан (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, 14 облыс) 272 қатысушы, 18 команда, сонымен қатар КТИ өз шеберліктерін көрсетеді және чемпион атағына күресетін болады.

Өрт сөндіру-құтқару спорты – жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатынспорттың қызметтік-қолданбалы түрі. Осы чемпионат ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ю.В.Ильиннің және ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Н.Б.Ермекбаевтың қатысуымен өтеді.

Чемпионанттың ашылу салтанаты 24 ақпанда 10 сағат 00 минутта Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ «Құтқарушы» (Бөгенбай батыр даңғылы, 4) спорт кешенінде өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2021 жылғы 26 ақпанда 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ «Құтқарушы» спорт кешенінде өткізу жоспарланған.
Өзгелердің жаңалығы