Астанада өрт шыққан үйден екі бала құтқарылды

26 Желтоқсан 2022, 15:00
1275
Бөлісу:
Астанада өрт шыққан үйден екі бала құтқарылды

Кеше «Sezim Qala» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Құтқарушылардың арқасында алты және бес жасар ұл мен қыз аман қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық ТЖ департаментіне өрт туралы хабарлама 25 желтоқсан күні сағат 12:36-да түскен. Он екі қабатты «Sezim Qala» тұрғын үй кешенінің алтыншы қабатында пәтердің ас үйінде тоңазытқыш пен есіктің ойығы өртенген. Өрт сөндірушілер өртті сағат 12:58-де сөндірді.

Құтқарылған ұл мен қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, олардың жағдайы қанағаттанарлық, – деп хабарлады Астана қалалық ТЖ департаментінен. 

Өртті сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамының 19 қызметкері мен төрт техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы