Астанада Махтумкули Фраганың 300 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

21 Ақпан 2024, 19:49
389
Бөлісу:
Астанада Махтумкули Фраганың 300 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада Махтумкули Фраганың 300 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы Түрікменстанның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп түрікмен әдебиетінің классигі, ақын, философ Махтумкули Фрагидің 300 жылдығына арналған салтанатты кеш өткізді.

Іс-шараға Парламент депутаттары, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан елшілері, МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Роллан Құспан өз сөзінде көрнекті ақын және ойшыл Махтумкули Фраги тек түркі халықтарының ғана емес бүкіл әлемнің әдебиеті мен мәдениетінің тарихында ерекше орын алатынын атап өтті.

Биыл философтың 300 жылдығы ЮНЕСКО-ның қолдауымен әлемдік деңгейде кеңінен аталып өтеді. Ұлы ойшылдың мерейтойы біз үшін маңызды. Махтумкули Фрагидің поэзиясының тарихы, тілі және мәдениеті қазақ халқына өте жақын, - деп атап өтті МАМ архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан.

Өз кезегінде Түрікменстанның Қазақстандағы елшісі Батыр Режепов мерейтойды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, түрікмен тілінен қазақ тіліне аударылған "Мақтымұлы пырағы" өлеңдер жинағын Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының қорына тапсырды.

Мерейтойлық іс-шара аясында ақынның түпнұсқа қолжазбалары мен поэтикалық жинақтарынан көрме таныстырылды.

Өзгелердің жаңалығы