Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада конкурдан Еуразиялық лига аясындағы әлем кубогының кезеңі өтеді

13 Мамыр 2025, 23:31
294
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

30 мамыр мен 1 маусым аралығында Астанадағы "Арғымақ" ат спорттық сауықтыру кешенінде ат спорты бойынша халықаралық жарыстар өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан астанасында конкурдан Еуразиялық лига аясындағы Әлем кубогының кезеңі және атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир өтеді.

Халықаралық ат спорты федерациясы (FEI) аясында өтетін бұл жарыстарға жақын және алыс шетелдердің ұлттық құрамалары қатысады.

Үш күн ішінде 60-тан аса үздік спортшы әр түрлі кедергілерден тұратын маршруттар мен атпен жүруден өз шеберліктерін көрсетеді деп жоспарлануда.

Әлем кубогының кезеңін Астанада өткізу – отандық спортшыларға халықаралық аренада өздерін танытуға мүмкіндік береді. Мұндай деңгейдегі жарыстар қазақстандық атлеттердің шеберлігін шыңдап, халықаралық турнирлерге іріктеу жолдамаларына таласуға жағдай жасайды.

Өзгелердің жаңалығы