Астанада екі қабатты жатақханадан өрт шықты: 4 бала құтқарылды

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 23:46
Кеше 2026, 23:46
241
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Астана қаласының Алматы ауданында орналасқан Ақсұңқар тұйығындағы екі қабатты жатақхананың бірінші қабатында өрт шықты. Бөлмедегі жиһаз бен үй заттары жанған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті қысқа уақытта сөндірді. Құтқару жұмыстары барысында екінші қабаттан төрт бала эвакуацияланды.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Наверх