Астанада оқушы қыз екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады

Астанадағы мектептегі шабуыл: екі оқушының жағдайы белгілі болды.

16 Қараша 2026, 20:00
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Ерболат Бекболат 16 Қараша 2026, 20:00
16 Қараша 2026, 20:00
176
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Ерболат Бекболат

Астанада оқушылар жанжалдасып, бір оқушы екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаны полиция растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция өкілдері аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Сондай-ақ, зардап шеккен екі оқушыға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын жеткізді. 

Зардап шеккен екі оқушыға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмаған жасөспірім профилактикалық есепке алынып, Психикалық денсаулық орталығының мамандарына жіберілді. Оның заңды өкілдері баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауаптылыққа  тартылды. Оқиғаға себеп болған мән-жайлар мен оған ықпал еткен жағдайларды жою мақсатында Білім басқармасы мен Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныстар енгізілді, - деп жауап берді Астана қаласының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына. 

Сонымен қатар оқиғаның мән-жайын анықтау барысында білім беру ұйымының қауіпсіздігіне жауапты күзет ұйымының әрекеттеріне де құқықтық баға беріледі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат істің мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Аталған оқиғаға қатысты Білім басқармасы ақпарат дайындалып жатқанын, кешірек жауап жолдайтындарын жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында атыс пен шабуылдан кейін полиция жанжалға қатысушыларды ұстады. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Абай облысында мейрамхана маңында оқ атқан тұрғын ұсталды

Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Ақтөбеде атыс болды: Оқиға орнынан ер адамның мәйіті табылды

Наверх