Астанада екі қабатты ангар өртеніп жатыр. ТЖМ құтқарушылары оқиға орнында жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы сәтте Астана қаласының Алматы ауданындағы Ақжол даңғылы бойында орналасқан ангар үлгісіндегі екі қабатты ғимаратта шыққан өртті елордалық ТЖМ құтқарушылары сөндіріп жатыр. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ангар үлгісіндегі екі қабатты ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны және қою түтін байқалған, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт сөндіру оқпандары дереу енгізіліп, өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өрт орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ құтқарушылары өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда.