Астанада бүгін балаларды спорттық үйірмелерге қабылдау басталады

27 Қараша 2023, 13:43
455
Бөлісу:
Астанада бүгін балаларды спорттық үйірмелерге қабылдау басталады
Фото: - Архив

Бүгін Астанада балаларды спорттық үйірмелерге қабылдау басталады, деп жазады BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру аясында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бүгін сағат 20.00-ден бастап балаларды спорттық үйірмелерге қабылдайды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша үнемделген қаражатты пайдалана отырып, орындарды бөлу және ваучерлер (4500 ваучер) беру 2023 жылғы 28 қарашада сағат 18.00-де жүзеге асырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы