Астанада бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді

28 Наурыз 2023, 14:30
941
Бөлісу:
Астанада бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана әкімдігінің сайты

Астанада Халықты жұмыспен қамту орталығы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңке осы жылдың 30 наурызында ұйымдастырылады. Онда жоғары оқу орындарының түлектері, бас бостандығынан айыру орындарынан мүгедектігі бар адамдар және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар өздеріне жұмыс таба алады.

Жәрмеңке барысында департамент өкілдері жастарды жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туралы айтып, мемлекеттік қызметке кіру ережелері туралы түсінік береді.

Шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Бейбітшілік, 9 (бұрынғы ЦУМ) мекенжайы бойынша өтеді.

Өзгелердің жаңалығы