Астанада бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді

3 Қараша 2022, 08:55
1243
Бөлісу:
Астанада бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласында 3 қараша күні жастарға арналған бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін басты басымдық – жастарды қолдау және елдегі адами капиталдың сапасын дамыту.

Биыл 3 қараша күні сағат 15:00-де Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ елордалық ЖОО түлектері мен жұмыссыз жастар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып саналады.

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ бос жұмыс орындар жәрмеңкесін үш мәрте өткізген болатын, оған елорданың 126-дан астам жұмыс берушісі, 1200-ден астам жастар мен студенттер қатысты және 800-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды, оның барысында 150-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Бос орындар жәрмеңкесіне қаланың 30-дан астам жұмыс берушісі қатысады. Бұл елорда жастары үшін өздері қалаған саладағы бос орындарды зерделеуге және бірнеше жұмыс берушімен тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік.

Аталмыш іс-шараларға қатысу келешекте өзінің еңбек жолын бастағалы отырған жас буын үшін маңызды, өйткені осындай іс-шаралардың келесідей артықшылықтары бар: компания өкілдерімен жеке қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, сондай-ақ жастарды қызықтыратын сұрақтар қоюға және компания туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Өтетін орны: Астана қаласы, Каныш Сатпаев, 2 (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, бас корпус, атриум). Уақыты: 15:00.

Өзгелердің жаңалығы