Астанада бір түнде 63 жол апаты тіркелді

5 Желтоқсан 2023, 12:46
411
Бөлісу:
Астанада бір түнде 63 жол апаты тіркелді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 4 желтоқсан күні кешкі сағат 20.00-ден 5 желтоқсан таңғы сағат 07.00 аралығында елордада 63 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлер жүргізушілерден жолдарда аса сақ болуды, жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуді жасамауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.

Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сақтық танытуы қажет, – деді Астана қаласының Полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы