Астанада белгісіз ер адам мектеп оқушысын алып кетпек болды

Мектеп маңында болған оқиға тұрғындарды дүр сілкіндірді. Куәгерлер дер кезінде араласып, баланы құтқарып қалды. Күдікті кім болып шықты?

Бүгiн 2026, 14:38
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 14:38
Бүгiн 2026, 14:38
213
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Астанада мектеп маңында болған оқиға тұрғындарды алаңдатты. Белгісіз ер адам бастауыш сынып жасындағы баланы иесіз аулаға алып кетуге әрекет жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 5 маусым күні Сарайшық ауданындағы мектептердің бірінің жанында болған. Куәгерлердің айтуынша, шамамен 9-11 жастағы баланы белгісіз ер адам жетектеп әкетпек болған. Алайда өтіп бара жатқан тұрғындар күмәнді әрекетті байқап қалып, баланы арашалап қалған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бала болған жайтты қысқаша баяндап береді.

Қысқасы, бір көке мені ұрлап кетті, – дейді ол.

Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын жедел анықтап, оны ұстады. Белгілі болғандай, ұсталған азамат – 56 жастағы ер адам. Ол аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта күдіктіге қатысты барлық қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.

Баланың заңды өкілі арыз жазудан бас тартты. Соған қарамастан ер адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға беріледі, – деп хабарлады ведомстводан.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғаны туралы ақпарат жоқ.

Еске салсақ, Алматы облысында ер адам әйелге көшеде тап беріп, арқанмен буындырып өлтірмек болды. Белгісіз ер адамның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Тағы оқи отырыңыз: "Мұрнынан қан кетіп, бауыры езілген": Ақмола облысында үш жасар баланы ат үстіндегі адам таптап кеткен 

Жаңақорғандағы 20 жастағы жігіттің өлімі: Күдікті туған інісі 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх