Алматы метросында пышақ пен кісен ұстаған жолаушы ұсталды

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.

24 Шілде 2026, 13:38
АВТОР
 Алматы метрополитені 24 Шілде 2026, 13:38
24 Шілде 2026, 13:38
169
Фото: Алматы метрополитені

Алматы метросында жолаушының сөмкесінен пышақ пен кісен табылды. Күмәнді заттар тексеру кезінде анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Райымбек» станциясында полиция қызметкерлері мен көліктегі қауіпсіздік қызметінің мамандары бірлесіп тексеру жүргізген. 

Рентген-телевизиялық қондырғының көмегімен жолаушылардың бірінің сөмкесінен пышақ пен арнайы құрал – кісен анықталды. Ер адам ұсталып, одан әрі мән-жайды анықтау үшін Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды, - деп хабарлады Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілетінін жеткізді. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы метросында жолаушыдан телескопиялық дубинка тәркіленді. 

Құқық қорғаушылар метрополитендегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолжүкті міндетті түрде тексеру жүргізілетінін және қауіпті болуы мүмкін бірқатар заттарды алып жүруге тыйым салынғанын еске салады.

Тағы оқи отырыңыздар:

Алматы метросы вагондардағы жағымсыз иіске қатысты түсініктеме берді

Метрода қызға тиіскен ер адам 5 тәулікке қамалды

Алматы метросының 127 миллионы: 10 шенеунік сотталды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх