Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр

24 Қазан 2022, 15:50
1378
Бөлісу:
Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр
PHOTO

Бүгін Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен Астана қаласында шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Majilis cup-2022 республикалық турнирі басталды. Жарыс Республика күніне арналып отыр,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын.

Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің басшылары, сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. 

Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр

Республикалық турнирді Мәжіліс төрағасының орынбасары П. Казанцев ашып берді. Вице-спикер жарысқа қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, мұндай турнирдің алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын айтып, сәттілік пен жеңіс тіледі.

Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр

Республика күні мерекесінің әрбір қазақстандық үшін маңызы ерекше. Бұл күн  ел егемендігінің бастауы болды.  Бүгін осы мерекеге орай жарыс өткізіп отырмыз.  Депутаттар корпусы мен журналистер халықтың мәселесін бірге көтеретін,  күнделікті өмірде белсенді жұмыс істейтін одақтастар,  —     деді вице-спикер. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі сөз сөйлеп, Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

Арайлы азаттығымыздың, тұғырлы тәуелсіздігіміздің символы болған Республика күнімен құттықтаймын. Осындай ұлы мереке қарсаңында турнирді ұйымдастыруға бастамашылық жасаған Мәжіліске, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа алғыс білдіремін.  Біз журналистер қауымы жарыса отырып, жарасамыз. Доп таластыра отырып, табысамыз. Бүгінгі турнир достықтың белгісі болады, – деді Дархан Қыдырәлі.

Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр

Республикалық турнирге Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Астанадан келген 20-дан астам журналистер командасы, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары мен қызметкерлері қатысуда.

Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр

Турнир елордамыздың «Астана-Арена» стадионында өтіп жатыр. 

Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр
Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр

Парламент Мәжілісінің қолдауымен ұйымдастырылған футбол бәсекесіне еліміздің әр аймағанынан 21 команда қатысып жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің екі командасы да аяқ доп додасында белсенді ойын көрсетуде.

Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр
Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы