Жамбыл облысының Меркі ауданы Қостоған ауылында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, «TANK 500» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «ВАЗ-2107» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі және жол талғамайтын көліктің 3 жолаушысы қаза тапты.
«TANK 500» автокөлігінің жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілуде. Аталған әйел ішкі істер органдарының қызметкері болып табылмайды. Қылмыстық іс Жамбыл облысы Полиция департаментінің өндірісіне берілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы Департамент басшылығының бақылауында, - деп жауап берді Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі редакцияның сауалына.
Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Еске салайық, бұған дейін Шиеліде жол апатына ұшыраған жасөспірім тікұшақпен Қызылордаға жеткізілді.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтау-Бейнеу жолындағы апат: Түйені қаққан көлік қарсы жолаққа шығып, 4 адам қаза тапты
Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды
Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Қонаевта кәмелетке толмаған бала көлік астына түсіп, қаза тапты