Астанада автобус бағыты уақытша өзгерді

9 Сәуір 2023, 05:15
1475
Бөлісу:
Астанада автобус бағыты уақытша өзгерді
Фото: inbusiness.kz

Автобус бағыттарының бірі қозғалыс кестесін уақытша өзгертті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қалалық көлік жүйелері» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №72 бағыттың қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді, - деп атап өтті CTS компаниясы.

Мекеме астаналықтар мен елорда қонақтарынан өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Төменде өзгертілген маршрут бағытын көре аласыз.

Астанада автобус бағыты уақытша өзгерді
Өзгелердің жаңалығы