Астанада алаяқ жалған чек көрсетіп дүкеннің сатушысын алдап кеткен

19 Қараша 2022, 11:32
2425
Бөлісу:
Астанада алаяқ жалған чек көрсетіп дүкеннің сатушысын алдап кеткен

Полицияға қала тұрғыны алаяққа алданып қалғанын айтып арызданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Байқоңыр» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 21 жастағы жас жігітті ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің түнгі сағат 22:00 шамасында Сусамыр көшесінің бойындағы дүкендердің біріне келгені анықталды. Содан ол 9 мың теңгеге жуық тауарларды алып, сатушыға жалған чек көрсетіп дүкеннен шығып кеткен. 

 Аталған фактіге қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы