Астанада 5 мешіттен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді

11 Наурыз 2024, 09:42
285
Бөлісу:
Астанада 5 мешіттен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді
Фото: @astana_newss

11 наурыздан бастап қасиетті "Рамазан" айында арнайы бағдарлар жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сіздерге ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.
«Республикалық Бас мешіт» мешітінің бағыттары:
- «Целинный» Ш/А;
- Есу арнасы;
- Республика даңғ.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бағыттары:
- «Спутник» супермаркеті;
- Теміржол вокзалы;
- «Көктал-1,2» ТҮА.

«Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің бағыттары:
- «Көктал-1,2» ТҮА;
- Теміржол вокзалы;
- Мед. колледж.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бағыттары:
- «Көктал-1,2» ТҮА;
- «Кирпичный» ТҮА.

«Рахымқызы Райса ана» мешітінің бағыттары:
- «Рахмет» СО.

Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді.
Жол жүру құны 90 теңге. Қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты ақпараттық таблолар уақытша жұмыс істемейді.

Бағдарлардың қозғалысы туралы ақпаратты Avtobys, 2GIS және Яндекс карталары қосымшаларынан қарауға болады.

Астанада 5 мешіттен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді
Астанада 5 мешіттен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді
Астанада 5 мешіттен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді
Астанада 5 мешіттен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді
Астанада 5 мешіттен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді
Өзгелердің жаңалығы