Сағызға тұншығып қалған: Алматыда әскери қызметші қыздың өмірін құтқарды

Әскери қызметші алғашқы көмек көрсеткеннен кейін қыздың тыныс алуы қалпына келген.

 Қорғаныс министрлігі 30 Тамыз 2026, 06:37
30 Тамыз 2026, 06:37
219
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматыда әскери қызметші дүкенде сағызға тұншығып, тыныс ала алмай қалған қызға дер кезінде көмек көрсетіп, оның өмірін құтқарды.

Оқиға 28 тамызда «Достық» дүкенінде болған. Сол сәтте демалыста жүрген 97617 әскери бөлімі дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков қыздың жағдайын байқап, бірден көмекке ұмтылған.

Әскери қызметші алғашқы көмек көрсеткеннен кейін қыздың тыныс алуы қалпына келген. Осылайша майордың жедел әрі сауатты әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Әскери бөлім басшылығы Хасен-Сұлтан Сәрсенбековтің әрекетін жоғары бағалап, оның қиын жағдайда жедел шешім қабылдап, адам өмірін сақтап қалғанын атап өтті.

Наверх