Астана-Қарағанды тас жолында 11 көлік сақтығысқан: зардап шеккендер бар

4 Ақпан 2024, 14:31
690
Бөлісу:
Астана-Қарағанды тас жолында 11 көлік сақтығысқан: зардап шеккендер бар
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Екатеринбург-Алматы тас жолында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. 11 көліктің соқтығысуынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол көлік оқиғаcытуралы видеолар әлеуметтік желіде тарады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 29 жастағы Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі жол ережелерін сақтамағанын анықтады. Ол арақашықтықты сақтамай, сондай-ақ жылдамдық режимінен асып, алда келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан 11 көлік соқтығысты, - дедіАқмола облысы полиция департаменті.

Зардап шеккен бес адам әртүрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 5 облысында трассалар жабылды.

Өзгелердің жаңалығы