Астана қаласының ЖЭО-3 үшінші қазандық агрегаты іске қосылды

17 Қараша 2023, 18:11
388
Бөлісу:
Астана қаласының ЖЭО-3 үшінші қазандық агрегаты іске қосылды

17 қарашада Астана қаласында ЖЭО-3 салу бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде қуаты сағатына 120 Гкалл болатын кВт – 139-150 су жылыту қазандық агрегаты жоспарлы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өнеркәсіптік пайдалануға берілген бұл қазандық агрегаты жаңа станция беретін жылу жүктемесін 360 Гкал/сағ дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл елордадағы жылу энергиясының тапшылығын толығымен жабады.

ЖЭО-3 құрылысының графигіне сәйкес ағымдағы жылғы 30 қарашаға қарай төртінші қазандық агрегаттарын іске қосу жопарланып отыр. Жаңадан салынған қуаттар жылу беруді сағатына 480 Гкал-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл тұрақты жылумен
4,5 млн.шаршы метрге дейін тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды қамтамасыз ететін болады.

Өзгелердің жаңалығы