Астана алғаш рет жүзуден әлем кубогын қабылдайды

Жарыстар Баку, Ташкент және Астана қалаларында ұйымдастырылады. Тарихи Жібек жолының құрметіне серия Silk Road Tour деп аталды.

 sugopart.hu 7 Қыркүйек 2026, 21:54
7 Қыркүйек 2026, 21:54
166
Фото: sugopart.hu

​15-17 қазан күндері Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді.

Елорда Silk Road Tour халықаралық сериясының шешуші кезеңіне қабылдайды. 2026 жылы World Aquatics ұйымы Әлем кубогының үш кезеңін бір бағытқа біріктірді.

Жарыстар Баку, Ташкент және Астана қалаларында ұйымдастырылады. Тарихи Жібек жолының құрметіне серия Silk Road Tour деп аталды.

Жарыстың алғашқы кезеңі 1-3 қазан аралығында Бакуде өтсе, екінші кезең 8-10 қазанда Ташкентте ұйымдастырылады. Ал халықаралық серия 15-17 қазанда Астанада мәресіне жетеді.

Бәсекеге ұлттық құрамалар сапындағы спортшылармен қатар, іріктеу талаптарын орындаған клуб жүзгіштері де қатыса алады. Үш елдегі жарыстарға әлемнің мықты спортшылары, оның ішінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері және әлемдік рекорд иелері қатысады деп күтілуде.

Жалпы үш кезеңге 50-ден астам елден 750-ден аса жүзгіш қатысады деп жоспарланған. Silk Road Tour қорытынды рейтингі Астанадағы жарыстан кейін анықталады. Спортшылардың жалпы нәтижесі үш кезеңдегі көрсеткіштері бойынша есептеліп, әр кезеңдегі ең үздік үш нәтижесі ғана ескеріледі.

Айта кетейік, Астанадағы жарыс "Барыс Арена" бассейнінде өтеді. Жарыс желтоқсанда Бейжіңде өтетін 25 метрлік бассейндегі әлем чемпионаты қарсаңындағы маңызды халықаралық додалардың бірі болмақ.

Наверх