Президент еліміздің береке-бірлігін бағалай білуге шақырды

27 Сәуір 2023, 11:32
894
Бөлісу:
Президент еліміздің береке-бірлігін бағалай білуге шақырды
Фото: Ақорда

Ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Халқымыздың ынтымақ-бірлігі бұл – тағдырдың бере салған сыйы емес. Бұл – ең алдымен, жұртымыздың күнделікті табанды еңбегінің арқасы екенін дұрыс түсінуіміз керек. Сондықтан біз бірлігімізді күн сайын нығайтып отыруымыз қажет. Яғни татулық пен келісім халқымыздың өмір салтына айналуға тиіс. Әйтпесе, елдікті сақтап қалуымыз өте қиын болады, - деді ол Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында.

Тоқаевтың айтуынша, жақсы тілек айту – халқымыздың қанына сіңген қасиет.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтылмаған. Мен барша отандасымызды еліміздің береке-бірлігін бағалай білуге шақырамын. Шын мәнінде, ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс. Елдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл – заң алдында – қылмыс, құдай алдында – күнә. Осыны бәріміз терең түсінуіміз қажет, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы