Асқар Омаров Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті

27 Тамыз 2022, 01:25
680
Бөлісу:
Асқар Омаров Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу онлайн және офлайн форматта өтті.

Президенттік жастар кадр резервіне 2020 жылы 300 адам, 2021 жылы 50 адам конкурстық іріктеуден сүрінбей өтіп, резервке алынды. 

Бүгінде министрліктің мемлекеттік қызметінде және ведомствоға бағынысты ұйымдарда ПЖКР өкілдері жұмыс істеуде, бірнеше адамның ұсыныстарын қарастырып жатырмыз. Министрлік резервшілерді тартуға ынталы, – деді министр. 

Қатысушылар министрлік құзіретіндегі салалар бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды.

Өзгелердің жаңалығы