Әскери қарауыл. Тәжірибе мен тәртіп

8 Қараша 2022, 15:10
2432
Бөлісу:
Әскери қарауыл. Тәжірибе мен тәртіп
PHOTO

Отанды қорғау – әр азаматтың парызы. Алайда әскер, қорғаныс қызметіндегі ер-азаматтар бұл жауапкершілікті еке есе сезінетіні анық. Өңірлердегі әскери қызметшілердің жұмысына назар аударғанды жөн көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Орал өңірінде кең байтақ еліміздің түпкір-түпкірлерінен жиналып, өз әскери борышын абыроймен атқарып Отанға адал қызмет  етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлесін қосып жүрген  әскери қызметшілеріміз баршылық. 

Олардың әрқайсысы әскери қызметке түрлі жолдарымен келіп, түбінде әскери жолды таңдап, өмірлерін әскери қызметпен жалғастырып,  қызметтің әр сатысын абыроймен атқарып келе жатқан азаматтар. 

Жалпы Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің Отан қорғау қызметіне арнаған өмір деректерін парақтасақ, әрбірінің еңбек жолдарының әртүрлі болғанын және әр қайсысы әр түрлі себебтермен әскери қызметке  келгенін көреміз. Бүгіңгі әңгімеміз, осындай бір себебпен әскери жолды таңдап Ұлттық ұлан қатарында он алты жыл қызмет атқарып  бүгінгі күні құрмет демалысына шыққалы жатқан аға сержант Бекжан Ишанбеков туралы болмақ.         

Әскери қарауыл. Тәжірибе мен тәртіп

Кейіпкеріміз Бекжан 1977 жылы 27 қазанда Батыс Қазақстан облысы  Казталовка ауданы Көктерек аулында Әділгерей  әкемізбен Махуза анамыздың отбасында дүниеге келген жалғыз ұл. 

Әкесі Әділгерей мен анасы Махуза бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше екендігін  түсініп, баланың ер жетіп өсуі, бойына адамгершілік қасиеттері орнауы, отбасынан басталатынын ұғынып, ұлы Бекжанның бойына мейрімділік, адамгершілік қасиеттерін дарытып  өз Отанын, елін жерін отбасын суюге тәрбиелеп өсірген. 

Кейіпкеріміздің әкесі Әділгерей өздері тұратын Көксерек ауылының совхозында бригадир болып  40 жыл қызмет етіп зейнетке шыққан тұлға. Ал анасы Махуза үй шаруашылығына қарап, бала тәрбиесімен айналысқан кісі.

Ал ендеше осындай қарапайым отбасының көз қуанышы болған біздің бүгінгі кейіпкеріміздің өмірбаянына тоқталып өтейік. 

Мен 1984 жылы 7 жасқа толғанымда өзім туып өскен Көксерек ауылындағы  қазақ орта мектебіне 1 сыныпқа қабылдандым. Осы аталған мектеп қабырғасында 9 сыныпқа дейін білім алып, 1993 жылы Орал қаласына келіп, Амангелді Иманов атындағы колледжіне ауыл құрлысшы мамандығына оқуға түстім. Аталған оқу орнында өзім таңдаған мамандық бойынша білім алып 1996 жылдың жазында білім ордасын тәмәмдап, маман иесі атанып шықтым. Оқу орнын бітіріп өз мамандығым бойынша жұмысқа тұрып, өзімнің ауылдағы ата – анама қаржылай көмек көрсетіп жүрдім. Осылайша, арада 1 жылдай уақыт өтіп 1997 жылдың күзінде әскерден шақыру қағазы келеді.  Оны ата- анама айттым. Әділгерей  әкеміз бен Махуза анамыз Отанды қорғау әр – бір ер азаматтың қасиетті борышы екендігін түсініп,  мені жалғыз ұл екеніме қарамастан Отан алдындағы борышымды өтеп келуге келісімін берді. Отан алдындағы борышымды өтеуге бел буып, Қапшағай қаласында орналасқан  32363 әуе – десанты әскер қатарына алындым, - деді Ишанбеков. 

Бекжан Отан алдындағы әскери борышын атқару кезінде антына адал болып, өзін жақсы жағынан көрсетіп, «қатардағы жауынгерден» «сержант» әскери шеніне дейін өскен әскери қызметшінің бірі болады.

Әскерде Отан алдындағы борышымды абыроймен атқарып 1999 жылы ата – анамның ортасына аман есен оралдым. Мен әскерден келген жылы, мені  екі жыл бойы әскерден күтіп жүрген Назымгүлге сөз салып, ата-анаммен таныстырып шаңырақ көтередім. Үйленіп отбасын құрған соң 2006 жылға дейін мамандығым бойынша бірнеше жұмыс орнында жұмыс істедім, - дейді әскери қызметші. 

2006 жылдың жаз айында кейіпкеріміз Бекжан отбасымен бірге  теледидар қарап отырғанда жаңалықтан Орал қаласындағы ІІМ ішкі әскерлерінің 5517 әскери бөліміне, жасы 28-ге дейінгі ер азаматтарды әскери қызметке  қабылдап жатқаны туралы ақпарат естиді. 

Әскери қарауыл. Тәжірибе мен тәртіп

Осындай ақпаратты естіген кейіпкеріміз, 5517 әскери бөліміне келіп қажетті құжаттарды жинап  әскери қызметке қабылданады. Отан алдындағы әскери борышын атқару кезінде әскери өмірдің қыр – сырын жетік меңгерген  Бекжанға әскери қызметке қайта сіңісу көп қиындық туғызбайды. 

Осылайша, Бекжан Ишанбеков әскери қызметке орнығып, алғашқы лауазымы кинолог мамандығынан бастайды. Бұл лауазымда 5 айдың көлемінде қызмет атқарып өзін жақсы жағынан көрсетіп, Орал қаласында орналасқан нөмірі 27-түзету мекемесін күзететін 1-атқыштар ротасына қарауыл бастығы болып тағайындалады және осы лауазымда 16 жыл бойы өз қызметін мінсіз атқарып келеді.

Жалпы Ұлттық ұлан сапындағы әскери қызметкерлердің жауынгерлік қызметі оңай емес. Соның ішінде қарауыл жасағындағы түзету мекемесін күзететін  әскери қызметшілердің жөні бір бөлек. Жалпы түзету мекемесін күзету - Ұлттық ұлан жауынгерлеріне қойылатын басты тапсырмалардың бірі. Ол жеке кұрамнан жарғылық міндеттері мен өздеріне белгіленіп берілген нұсқаулықтарды бұлжытпай орындауды, батыл шешімді, барынша қырағылық пен батылдықты талап ететін қызметтің бірі.  Осы әскери салада қызмет атқарып келгеніме міне 16 жыл толып құрмет демалысына зейнеткеде шыққалы отырмын. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек, бірі жар таңдау болса екіншісі мамандық таңдау деп жатады дана халқымыз. Мен мамандық таңдауда еш қателеспедім деп ойлаймын. Керісінше әскери жолды таңдап, Отанды қорғау ісіне азда болса өз үлесімді қосқаныма қуаныштымы, - сөзін қортындылады.

Аға сержант Бекжан Ишанбеков осындай жетістіктерге қол жеткізуіне сүйген жары Назымгүлдің де қосқан  үлесі көп дейді. Жолдасының қиын да жауапты қызметіне түсіністікпен қарап, әрқашанда арқа сүйер серігі болып келеді. Қазіргі таңда  Бекжан өзінің жолдасы Назымгүл екеуі  екі ұл екі қыз тәрбиелеп отыр.

Әңгімемізді қорытындылай келе, біз әр адам  өмірінде өмір жолының кезеңдерімен қоштасатын уақыт келетіндігін жақсы білеміз. Сондай толғандыратын сәт аға сержант Ишанбеков Бекжан Әділгерейұлына да келіп жетті.

Өзгелердің жаңалығы