Әскери борышын өтеген жүзден астам сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты

13 Мамыр 2023, 16:46
1173
Бөлісу:
Әскери борышын өтеген жүзден астам сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты
PHOTO
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ақмола өңірлік гарнизонының 68665 әскери бөлімінде белгіленген әскери қызмет мерзімін аяқтаған жүзден астам сарбазды шығарып салу рәсімі өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әскерде олар граната лақтыру, пулеметтен ату, мергендік және зеңбірекші сынды әскери-есепке алынатын мамандықтарды меңгерді.

Әскери борышын өтеген жүзден астам сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты

Бір жыл ішінде сендер қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерін зерделедіңдер. Шынығып6 шымыр болдыңдар, психикалық тұрғыдан нығайдыңдар. Армия мектебінен алған білімдерің алда азаматтық салада да қажеттеріңе жарарына сенімім мол, – деп атап өтті бригада командирі подполковник Абай Әлібеков.

Білім беру жеңілдіктері мен әскерде еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын меңгеру мүмкіндігінің болуы жастардың болашақ жолды таңдау көкжиегі едәуір кеңейгенін көрсетті.

Әскери борышын өтеген жүзден астам сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты

Әскерге келгеніме өкінбеймін. Әсіресе, бейімделу кезінде қолдау көрсеткен және осында алған білім үшін командирлерге ризашылығым шексіз. Әскерге келгенім болашаққа сенім артуға және жаңа перспективаларға жол ашты, – деп бөлісті Алматы облысынан келген шабуылдау батальонының мергені, қатардағы жауынгер Айбек Ташкинбай.

Басшылық әскери қызметшілерге адал қызметі үшін алғыс айтып, грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Ерекше көзге түскен сарбаздардың ата-аналарына алғыс хаттар жолданды.

Әскери борышын өтеген жүзден астам сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты

Көптеген жас ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ еліміздің жоғары оқу орындарына түсу құқығын пайдалануға ниетті екенін айта кеткен жөн. 

Әскери борышын өтеген жүзден астам сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты

Ал кейбір әскери қызметтің қыр-сырын біліп, ырғағына үйренгендер армияда қалып, келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруды жөн көріп отыр.

Өзгелердің жаңалығы