Ашық жер кадастрының толық базасы 15 тамызда қолжетімді болады

12 Тамыз 2022, 10:38
1341
Бөлісу:
Ашық жер кадастрының толық базасы 15 тамызда қолжетімді болады

Қазакстанда ашық жер кадастрының толық базасы 15 тамызда қолжетімді болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылы 15 тамызда мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің порталында ақпаратқа толық қолжетімділікті жаңарту жоспарланып отыр.

АШМ-ның мәліметінше, биылғы жылдың шілде айының ортасында базада техникалық ақау орын алып, бұл aisgzk.kz сайтындағы жер учаскелері туралы мәліметтердің қолжетімсіз болуына әкелген болатын. 

Қазіргі уақытта орын алған ақаудың себептері анықталды. Мамандар тобы тәулік бойы ақаулықтарды жою бойынша жұмыс істеді. Техникалық жұмыстар ең қысқа мерзімде аяқталады. 

aisgzk.kz порталдағы кадастрлық картаның көмегімен  кез келген азаматтың Қазақстанның жер пайдаланушылары туралы ақпаратты білуге мүмкіндігі бар.

Өзгелердің жаңалығы