«Ашық бюджет» қалай жүзеге асырылып жатыр?

12 Қараша 2020, 12:09
2012
Бөлісу:
«Ашық бюджет» қалай жүзеге асырылып жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев  Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында  айтты. 

Вице-министр «Ашық бюджеттер бағыты» туралы айтып берді. 

Индекстерді бағалау екі жылда 1 рет 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бағыттарды бағалау 100 ұпай деңгейінде өлшенеді. Біздің ел 2017 жылғы бюджеттік ашықтық көрсеткішімен  салыстарғанда 2019 жыл нәтижесі бойынша  5 ұпайға көрсеткішті жақсартты. 2021 жылы 68 ұпай жинауға мақсат қойып отырмыз, - деді ол. 
Еңсебаев атап өткендей, бюджеттік қадағалау көрсеткіші  бойынша 2017 жылмен салыстырғанда 63 ұпайдан 67 ұпайға көрсеткішті жақсартқан. 
Халықтың бюджетке қатысуы бойынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Аула мен спорт алаңдарын жөндеу  азаматтардың нақты қажеттілігі. Пилоттық жоба аясында тиімді тұстарын байқадық. Пилоттық жоба аясында қажетті заңнамалық актілер дайындалды. Халықтың бюджетке қатысуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеті мен мақсаты айқындалды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы