АШМ шегірткемен қалай күресетіндерін айтты

10 Маусым 2021, 11:50
2804
Бөлісу:
АШМ шегірткемен қалай күресетіндерін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров шегірткемен күрес үшін қандай іс-шаралар жасалып жатқанын айтты.

Сапалы және жоғары түсім алу көбінесе қолайлы фитосанитариялық жағдайға байланысты болады. 2021 жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің 641 мың гектар алаңға таралуы болжанып отыр. Саяқ шегіртке тектес зиянкестердің таралу болжамы – 239 мың гектар, - деді ол.

Министрдің айтуынша, шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтарын анықтау үшін 38 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері зерттеп-қаралатын болады. Химиялық өңдеуге 183 арнайы техника жұмылдырылады.

Қазіргі уақытта Түркістан және Жамбыл облыстарында Марокко шегірткелеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізу аяқталды. Итальяндық прус пен саяқ шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жалғасып жатыр, - деп атап өтті Омаров.

Химиялық өңдеу жоғары биологиялық тиімділікпен оңтайлы мерзімде жүргізіліп келеді.

Жалпы 2021 жылы аса қауіпті зиянды организмдердің 3 млн гектар алаңда, оның ішінде дәнді дақылдар ауруларының 1,9 млн гектар алаңда, сұр дән көбелегінің 328 мың гектар алаңда таралуы болжанып отыр. Арамшөп өсімдіктеріне қарсы химиялық отауды 7 млн гектар алаңда жүргізу жоспарланып отыр, - деп түйіндеді Ауыл шаруашылығы министрі.



Өзгелердің жаңалығы