АШМ Президент қол қойған ветеринарияға қатысты заңды түсіндірді

11 Қаңтар 2021, 21:45
1535
Бөлісу:
АШМ Президент қол қойған ветеринарияға қатысты заңды түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі өткен аптада Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның негізгі мақсатарын түсіндірді.

Заңның негізгі мақсаты – ветеринария саласындағы қызметті одан әрі жетілдіру және ветеринария саласындағы құқықтық реттеудегі олқылықтарды, қайшылықтарды жою - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 5 қаңтарда қол қойған заңы келесі бағыттар бойынша өзгерістерді көздейді:

- ветеринария саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілім үшін техникалық құралдарды пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту бойынша құзырет беру;

- мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде фото және бейнетүсірілімді жүзеге асыру, техникалық құралдарды (жабдықтарды, аспаптарды, өлшеу құралдарын, құрылғыларды, құрал-саймандарды және өзге де техникалық құралдарды) пайдалану құқығын беру.

Бұл шаралар құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жаңа нормативтік құқықтық акт ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан ветеринариялық паспорттарды электрондық құжат ретінде беруді енгізеді. Бұл келесі жағдайларды жүзеге асыруға:

- ветеринариялық паспорттағы және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан мәліметтердің сәйкестігін қамтамасыз етуді;

- жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық паспортты дайындау үшін қызметтерді сатып алу жөніндегі функциялары мен мемлекеттік (жергілікті) бюджеттің шығындарын алып тастауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталмыш заң Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автокөлік өткізу бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты нормаларды түзетуді көздейді.

Өзгелердің жаңалығы