АШМ өңірлерде егін жинау барысына бақылауды күшейтуді ұсынды

Әкімдіктерге егін жинау барысын күнделікті бақылап, 2027 жылғы егіске сапалы тұқым қорын дайындау тапсырылуы мүмкін.

 Үкіметтің баспасөз қызметі 29 Қыркүйек 2026, 12:38
29 Қыркүйек 2026, 12:38
179
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Премьер-министр Олжас Бектеновке өңір әкімдіктеріне егін жинау науқанының барысына бақылауды күшейтуді тапсыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті Олжас Абайұлы, егін жинау жұмыстарын уақтылы аяқтау және жиналған өнімнің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктерге мынадай тапсырмалар беруді сұраймыз:

  • егін жинау барысын күнделікті бақылауды қамтамасыз етіп, жұмыстардың қарқыны мен жиналған алқап көлемін жедел қадағалау;
  • келесі ауыл шаруашылығы маусымында несие алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін фермерлер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың Аграрлық несие корпорациясы алдындағы міндеттемелерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету», – деді вице-министр.

Сонымен қатар Азат Сұлтанов 2027 жылғы егінге арналған сапалы тұқым қорын қалыптастыруды бақылауды күшейтуді ұсынды.

Жалпы, егін жинау мәселесі тұрақты бақылауда. Барлық мәселе Жедел штаб отырыстарында қаралып, шешіліп жатыр, – деп түйіндеді Азат Сұлтанов.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық шаруаларға 665 млрд теңге жеңілдетілген несие берілгені хабарланды. 

Наверх