АШМ: Қазақстанда ет өндірісі өсіп келеді

9 Маусым 2021, 15:04
3425
Бөлісу:
АШМ: Қазақстанда ет өндірісі өсіп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда ет 4,3%-ға және сүт өндірісі 3,2%-ға өскен. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

Министрдің сөзінше, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара саны 7,8 млн басқа жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,6%-ға артық. Қой мен ешкі басы 4,7%-ға, жылқы 10,1%-ға, түйе 5,2%-ға артқан.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де артқан. Ет 4,3%-ға және сүт өндірісі 3,2%-ға өскен. Өткен жылы мал шаруашылығы өнімдері импортын алмастыру аясында елімізде 48 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды, - деп атап өтті Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, бұл сүт зауыттарының жүктемесін 77%-ға дейін арттыруға, ал сүт өңдеу көлемін 1,8 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар 3 ет комбинаты іске қосылды. Осының арқасында ет өңдеу көлемін 151-ден 166 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік туды.

Сонымен бірге қосымша 8 құс фабрикасы іске қосылды. Нәтижесінде ұйымдастырылған шаруашылықтарда құс етін өндіру көлемі өткен жылы 222,7-ден 235,3 мың тоннаға дейін ұлғайды, - деп хабарлады Сапархан Омаров.

Еске сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2020 жылғы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы халыққа есеп беру кездесуі тікелей эфирде министрліктің Youtube арнасында және Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жүріп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы