АШМ басшысы жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытатын заң әзірленетінін айтты

2 Қыркүйек 2021, 09:49
4932
Бөлісу:
АШМ басшысы жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытатын заң әзірленетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты.

Бүгінгі таңда елімізде 1,6 млн жеке қосалқы шаруашылық бар. Олар 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2,3 трлн теңгенің өнімін өндірді. Қолдау бар әлеуетті ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Жеке қосалқы шаруашылықтар» туралы заң жобасы әзірленеді. Аталған заң жобасын қабылдау жеке қосалқы шаруашылықтарын жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттеуге, ауыл шаруашлығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануға, жеке қосалқы шаруашылықтарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, - деді ол.

Министр жеке қосалқы шаруашылықтарын әлеуетін ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.

Ол жеке қосалқы шаруа қожалықтары мен азық-түлік фермерлері, жеңіл өнеркәсіп өкілдерін көлденең кооперация тізбектері арқылы дамытады. Оған Жамбыл облысында кооперацины арттырудың пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылғаны дәлел. Осындай жобаны барлық өңірде енгізу жоспарланып отыр. 2023-2025 жылдары оған 90 млн теңге бөлу көзделген, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Өзгелердің жаңалығы