Әшімбаев: Бұл – адамзатты ізгілікке үндейтін ай

11 Наурыз 2024, 09:24
456
Бөлісу:
Әшімбаев: Бұл – адамзатты ізгілікке үндейтін ай
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздегі барша мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – адамзатты ізгілікке үндейтін, сабырлыққа шақыратын және мейірімге бастайтын ай. Осы отыз күнде кешірімді болу, қайырымдылық таныту, мұқтаж жандарға көмек қолын созу сияқты игілікті істерге баса мән беріледі. Рухани кемелденуге жол ашатын бұл айда татулық пен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың және тыныштық пен тұрақтылықтың да қадірі арта түседі. Мұның бәрі Оразаның мәні мен маңызын айшықтайтын құндылықтар екені анық. Қасиетті айдың келуімен құттықтай отырып, әр отбасына шаттық, береке және амандық тілеймін! Ораза қабыл болсын, - делінген құттықтауда.

Өзгелердің жаңалығы