Әшімбаев: Әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдері арасындағы диалогты дамыту өте маңызды

9 Қазан 2024, 10:59
332
Бөлісу:
Әшімбаев: Әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдері арасындағы диалогты дамыту өте маңызды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдері арасындағы диалогты ілгерілету және дамыту өте маңызды. Мұндай пікірді Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін елордада І Жас дін лидерлерінің форумы өтіп жатыр. Форумға әлемнің 30-дан астам елінен келген жас лидерлер қатысып жатыр.

Біз бүгін осы алаңда қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселелерді талқылаймыз. Бұл бастама жас лидерлер арасында жан-жақты диалог қалыптастыратын және қазіргі сын-қатерлерді бірлесіп еңсеретін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын бірегей платформаға айналады деп үміттенеміз, - деді Әшімбаев.

Форумға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының мүшелері де қатысып отыр.

Әшімбаев: Әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдері арасындағы диалогты дамыту өте маңызды

Біз кеше Хатшылықтың өте мазмұнды отырысын өткіздік. Талқыланған мәселелердің бірі – дін көшбасышлары диалогының сабақтастығын қамтамасыз ету. Сіздер осы Форумға қатысу арқылы мәдениетаралық және дінаралық диалогты дамытуға өз үлестеріңізді қосуға дайын екендеріңізді көрсетіп отырсыздар. Бұл форумды өткізу идеясы адамзаттың бүгінгі таңда өсіп келе жатқан жаһандық сын-қатерлеріне жауап ретінде туындады. Біз әлемде қақтығыстардың, экстремизмнің және төзімсіздіктің күшеюіне куә болып отырмыз. Осы қиын кезеңде бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтарын ілгерілету үшін әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдері арасындағы диалогты ілгерілету және дамыту өте маңызды, - деп айтты Мәулен Әшімбаев форумда сөйлеген сөзінде.

Спикер атап өткендей, Қазақстан ондаған жылдар бойы дінаралық диалогты белсенді түрде алға жылжытып, әртүрлі конфессиялар арасындағы ынтымақтастықты қолдап келеді.

Әшімбаев: Әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдері арасындағы диалогты дамыту өте маңызды

Қазақстанда тұрақты түрде өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бейбітшілік пен қауіпсіздіктің маңызды мәселелерін шешудің негізгі халықаралық алаңына айналды. VII Съезде Қасиетті Рим Папасы Франциск, әл-Азһардың бас имамы шейх Ахмед әл-Тайеб, Израильдің бас сефардиясы және Ашкенази Ицхак Йосеф пен Давид Лау және басқа да мәртебелі қонақтар арасында мазмұнды диалог өтті.

Қақтығыстар мен қайшылықтар өршіп тұрған қазіргі әлемде рухани дипломатия жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін күш-жігерді біріктіретін мәдениеттер мен діндер арасындағы көпір ретінде шешуші рөл атқарады. Жас дін көшбасшыларының бірінші форумы осы миссияның жалғасы. Өйткені, жастар – ол біздің болашағымыз. Жас көшбасшылар ретінде сіздердің дінаралық диалогқа тың серпін беріп, бейбітшілік, толеранттылық және өзара түсіністік дәстүрлерін ілгерілетуге күштеріңіз жетеді деп сенеміз, - деді ол форумда.

Әшімбаев: Әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдері арасындағы диалогты дамыту өте маңызды

Еске салсақ, бүгін елордада І Жас дін лидерлерінің форумы өтіп жатыр. Форумға әлемнің 30-дан астам елінен келген жас лидерлер қатысып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына құттықтау жолдаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы