Асхат Оралов AMANAT-тың атқарып жатқан жұмысы туралы айтты

26 Сәуір 2022, 16:16
1923
Бөлісу:
Асхат Оралов AMANAT-тың атқарып жатқан жұмысы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап берді.

Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракцияның қызметін жандандыру мақсатында қазірдің өзінде қоғамдық кеңестер саны 40%-ға оңтайландырылған. Қоғамдық сарапшыларды тарта отырып, құрамдар жаңартылды. Жалпы әйелдердің үлесі 39%-ға, жастардың үлесі 30%-ға дейін өсті, - деді ол.

Сондай-ақ Оралов атап өткендей, Үкіметпен және Мәжілістегі партиялық фракциямен бірлесе отырып, Сайлау бағдарламасының орындалу барысына толық тексеру жүргізіліп, жақын арада осы мәселе бойынша атқарушы органдардың есебін тыңдау жоспарланып отыр.

Осындай жұмыстар партияның аумақтық филиалдарының белсенді қатысуымен барлық өңірде жүргізіліп жатыр. «Ашық партия» тұжырымдамасы аясында TALQYLAU диалогтық алаңы іске қосылды. Бұған дейін БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2 кездесу өтіп, қазақстандықтарды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді, - дейді партияның атқарушы хатшысы.

Айтуынша, тұрғындармен кері байланысты нығайту мақсатында 19 сәуірде AMANAT-тың қызметін тұрақты әрі жан-жақты көрсету үшін партияның баспасөз орталығы ашылды.

Жақын арада партияның мобильді қосымшасы қолжетімді болады, ол барлық партия мүшелеріне партия жұмысы туралы ақпаратты жылдам алуға, сауалнамаға қатысуға, өз идеялары мен ұсыныстарын тікелей жіберуге мүмкіндік береді, - деп толықтырды Асхат Оралов.

Өзгелердің жаңалығы