«Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника». Жаңа еңбек ертең көпшілікке таныстырылады – Әшімбаев

27 Мамыр 2021, 22:00
13392
Бөлісу:
«Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника». Жаңа еңбек ертең көпшілікке таныстырылады – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және басқа да заң жобалары Палата депутаттарының қарауында. Бұл туралы Сенат төрағасы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болдым. Кездесу барысында Президентіміздің тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Олардың ішінде республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және сайлау туралы заңға енгізілген түзетулер бар. Мемлекет басшысы бұл заңдарға таяуда қол қойғаны белгілі, - деп жазды ол.

Ол Президентке сенаторлардың бастамасымен дайындалып жатқан заң жобалары туралы ақпарат бергенін айтты.

Сонымен қатар Сенаттың квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды реттейтін заң қабылдағанын да баяндадым. Қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және басқа да заң жобалары Палата депутаттарының қарауында. Одан бөлек, Президентке сенаторлардың бастамасымен дайындалып жатқан заң жобалары туралы ақпарат бердім. Жалпы осы сессия басталғалы бері сенаторлар 12 заң жобасына бастамашы болды. Оның 3-ін Парламент қабылдаса, 4-уі Сенат пен Мәжілістің қарауында. Тағы 5 заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленуде, - деді Әшімбаев.

Қабылдау кезінде парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдердің заң шығарушы органдарымен байланыстарды нығайту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар да айтылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағы туралы ақпарат бердім. Аталған үш томдықта Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың қасіретті тарихын баяндайтын мыңнан астам архив құжаттары жинақталған. Жаңа еңбек ертең көпшілікке таныстырылады, - деді Сенат төрағасы.


Өзгелердің жаңалығы