Арыстанбек Мұхамедиұлының жақын досы коронавирусқа шалдықты

25 Наурыз 2020, 20:10
4157
Бөлісу:
Арыстанбек Мұхамедиұлының жақын досы коронавирусқа шалдықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы жақын араласатын досы Испанияның атақты опера әншісі Пласидо Домингоның коронавирус жұқтырғанын айтты.

Достарым, біз қазір короновирус індетіне байланысты карантинде отырмыз. Еліміздің досы саналатын даңқты әнші Пласидо Домингоның да осы дертке ұшырағанын білесіздер. Екеуімізді жай ғана достар емес, 2017 жылы өткізген әлемдік опера өнеріндегі ең мәртебелі әрі беделді байқау саналатын бүкіләлемдік "Пласидо Доминго опералиясы" атты маңызды жоба да байланыстырып тұр. Оның арқасында сол кезде елімізге "Опералияның" қазылар алқасының құрамына кірген ең ықпалды әрі беделді өнер қайраткерлері келді. Ал мэтр Пласидо Доминго зор сенім білдіріп, байқауға жұбайын, балалары мен немерелерін ертіп әкелді, - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Оның айтуынша, сол кезде бұл байқауды өткізуге бюджеттен шығын шықпаған. Байқауды өткізудің қаржылай қамтамасыз ету мәселесін "Опералияның" демеушісі – швейцариялық сағат компаниясы Rolex өзі көтерген.
Егер бұрын Қазақстан әртүрлі халықаралық шаралар өткізу үшін елеулі деңгейде қаржылай қаражат бөлетін болса, бұл жолы біз алғаш рет әлемдік деңгейдегі керемет байқаулардың бірінің өткізілуін ұйымдастырып қана қоймай, айтарлықтай деңгейде шетелден қаражат та тарта алдық. Вокалды байқау еліміздің халықаралық аренада жағымды беделін қалыптастыруға да мол мүмкіндіктер берді. Әлемнің жетекші опера театрларымен ынтымақтастық жасай отырып біз шоғырланған мәдени үрдістің бөлігіне айналдық. Қазақстанда беделді "Пласидо Доминго опералиясы" вокалды байқауын өткізу – бұл биік өнер саласындағы еліміздің жетістіктеріне көрсетілген құрмет, - дейді ұлттық музейдің директоры.

Маэстро Пласидо Доминго бүгінде де қазақстандық опера жұлдыздарына ғана емес, сол сияқты балет артистеріне де қолдау көрсетіп отыр екен.

2018 жылы "Астана Операның" балет тобы әншінің отаны Валенсиядағы София ханшайымның Өнер сарайының сахнасында өзінің шақыруымен зор табыспен өнер көрсеткен.


Экс-мәдениет министрі опера әншісі Пласидо Доминго мен жары Марта Домингоның үйленулеріне байланысты мерей тойға қалай шақырылған қонақ болғанынын да еске түсірді.
Осы тамаша мереке отбасының ортасында шын ықыласты жағдайда өткен еді. Мен әлемдік опера өнерінің мэтріне сыйлық ретінде өзіміздің қазақтың шапанын бар ықыласыммен иығына жапқан кезде, ол оны сүйсіне қабылдаған еді. Маэстро біздің бабалар дәстүрін ғасырлар қойнауынан алып шығып сақтап отырғанымызға тәнті болды. Әншіге біздің ежелгі дәстүріміз қатты ұнап, оған зор құрметпен қарады. Сол кеште Пласидо мен Марта Домингоны үлкен ұлы Хосе Доминго жұбайы Марилу Доминго мен қызы Никольмен және кіші ұлы Альваро Доминго ұлдары Пласидо және Альваромен құттықтауға келді. Осы үлкен тату отбасының барлық мүшелеріне қазақ ұлттық тағамдары қатты ұнады. Маэстроның өзі Қазақстан, елордамыз туралы, ең бастысы біздің адамдар туралы сүйіне мадақтады! Қазақ халқының қонақжайлылығы мен ақ пейілділігі Пласидо Домингоны тебірентіп жіберді. Өз атымнан және Пласидо Домингоның шығармашылығының барлық қазақстандық бас июшілері атынан оған зор денсаулық және тезірек сауығып кетуін тілеймін! Біздің достығымыз бен ынтымақтастығымыз сөзсіз жалғасын табады. Тезірек сауығып кетіңіз, - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.




Өзгелердің жаңалығы