Аружан Саин: Алаяқтар қор атынан ақша жинап жүр

31 Шілде 2019, 10:12
2711
Бөлісу:
Аружан Саин: Алаяқтар қор атынан ақша жинап жүр

Алматы, BAQ.KZ. Елімізде өздерін «Милосердие» қайырымдылық қорының өкілі ретінде таныстырып, ауыр науқас балалардың еміне деп ақша жинайтындар пайда болған. Сондай алаяқтардың бірі Алматыда ұсталды, деп хабарлады «Хабар 24».

Аталған қайырымдылық қордың басшысы әрі балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саинның айтуынша, алаяқтар қордың жұмысшысы деген жалған куәлік жасап алып, қаладағы компаниялар мен кеңселерді аралап, балалардың емі үшін қаражат жинайтын көрінеді.
Сонымен қатар, ол ашық жұмыс істейтін қайырымдылық қорлары 10 жылдан бері қаражатты ақшалай қабылдамайтынын айтады. 

«Бұл жайт бойынша біз қанша рет полицияға шағымдандық, ата-аналар да барды. Дегенмен алынған сома белгілі бір шегке жетпесе, бұл қылмыстық іс қозғауға жеткіліксіз екен. Мәселен бүгін ұсталған алаяқты сол себепті босатты. Алайда оның кеше және арғы күні қанша қаражат алғанын ешкім дәлелдей алмайды. Меніңше, бұл тұста тәртіп сақшыларына механизмді өзгерту керек сияқты», - дейді Аружан Саин.
Өзгелердің жаңалығы