«АрселорМиттал» елден кете ме – министр жауабы

3 Қазан 2023, 14:38
1329
Бөлісу:
«АрселорМиттал» елден кете ме – министр жауабы
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр БАҚ өкілінің «АрселорМиттал Теміртаудың» орнына басқа инвестор әкелу қаншалықты мүмкін екені туралы сұраққа жауап берді. Шарлапаев егерде инвестор елімізде жұмыс істегісі келсе, заңдарға бағынуы керегін айтады.

«Инвесторды ауыстыру – бұл бір инвестордың өз орнына басқа инвесторды әкелу еркі. Біреу кетіп, өз үлесін басқа бір тұлғаға беру керек, - деп жауап берді ол.

Оның ойынша, жауапкершілік тұрғысында елімізде біз шара қолға алынған.

Адамдар қазасына байланысты қылмыстық істер қозғалды, құзырлы органдар тергеп, тексеріп жатыр. Бұрын болған дүние туралы пікір білдіре алмаймын. Жақында адам қазасы тіркелген тосын оқиға бойынша қозғалған іс қазір тергеу сатысында тұр. Тергеу барысына пікір білдірмеймін, - деді Қанат Шарлапаев. 

Осыған дейін Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «АрселорМиттал» компаниясы ел нарығынан кетуі керек пе? деген сұраққа жауап берген еді. 

Премьер министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да «Арселор Миттал Теміртау» Ресей компаниясына өте ме деген сауалға жауап берді.  "Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан болған апатты тергеу жөнінде Үкімет комиссия құрды. 

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кейіннен апат салдарынан көз жұмған кеншілердің есімдері жарияланды. 

20 тамыз қаралы күн деп жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы